One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 55, әкімшілік корпус, 302 кабинет Тел.: 8 7232 25 05 97 ( ішкі байланыс 142) E-mail: mezhdunar_otdel@mail.ru, mezhdunar_otdel@vkgu.kz
Халықаралық қызмет
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің халықаралық қызметті дамытудағы басымдыққа ие бағыттары ‒ білім беруді халықаралықтандыру және әлемдік қауымдастықтың даму қажеттіліктеріне жауап беретін, ортақ мақсаттар мен қағидаттарға лайық халықаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлерін жүзеге асыру.
Университет әлемнің 20-дан астам елінен 120-дан астам ЖОО-мен ынтымақтастық орнатқан. ШҚУ серіктестерінің арасында жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындары бар: Түркия, АҚШ, Швейцария, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша Республикасы, Чехия, Франция, Испания, Латвия, Ресей, Беларусь, Германия, Венгрия, Литва, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан. Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың (академиялық ұтқырлық бойынша шарттар) арқасында ШҚУ-дың білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы академиялық ұтқырлық шеңберінде шет елдерге оқуға бара алады.
Қосдипломды білім беру бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Білім алушылар үшін екі диплом алуға мүмкіндік берілген. Университеттің Ресей Федерациясының университеттерімен (Алтай мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік университеті), Литвамен (Витаутас университеті) қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша келісімдері бар.
Профессорлық-оқытушылық құрам мен университет студенттерінің академиялық ұтқырлығы серіктес университеттермен ынтымақтастық негізінде республикалық бюджет қаражатымен, "Erasmus+", "Болашақ" сияқты халықаралық стипендиялық бағдарламалар қаражатымен және ғылыми жобалар есебінен іске асырылады.
Университет тоғыз халықаралық қауымдастықтың мүшесі: Еуразиялық университеттер қауымдастығы, Халықаралық жоғары мектеп академиясы, Университеттердің Ұлы хартиясы, "Біздің ортақ үйіміз – Алтай" Халықаралық үйлестіру кеңесі, Азия университеттері қауымдастығы, Еуропалық университеттер қауымдастығы, STAR-NET: "Ядролық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау және білім беру" өңірлік желісі, Республикалық қоғамдық бірлестік "ІАЕЅТЕ Ұлттық комитеті", Түркі университеттерінің Одағы.
Халықаралық ынтымақтастық және шетел студенттерін тарту бөлімі қызметінің негізгі бағыттары
Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру;
Университеттің халықаралық ынтымақтастығын жетілдіру бойынша кешенді мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Қос дипломды білім беру, енгізілген білім беру;
Қазақ тілін шетелде ілгерілетуді қамтамасыз ету;
Білім беруді дамытудың негізгі әлемдік үрдістері туралы ақпарат жинау, талдау материалдарын зерделеу және құрастыру;
ШҚУ-ға ресми сапармен, іссапармен, бейресми (жеке) сапарлармен келетін шетелдік делегацияларды даярлау және қабылдау;
Шетелдік әріптестерді және мүдделі мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін университетке шақыру, оларға визалық қолдау көрсету, бастапқы көші-қон есебіне қою, олармен келіссөздер мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, тиісті құжаттар жөнінде келісу және оларға қол қою;
Шетелдік қазақ диаспорасы жастарының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалдасу, шетелдік студенттермен жұмыс;
Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес университеттің жоғары мектептерімен, кафедраларымен және басқа да бөлімшелерімен халықаралық ЖОО-аралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру және оларға көмек көрсету, университет қызметкерлерінің шетелдердің оқу орындарына (білім беру мекемелерімен) шарт бойынша жұмысқа тартылуына жәрдемдесу.
Қызметкерлер тізімі