11.08.2023 УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ҚҰРАМЫНДА Биология кафедрасының оқытушылары мен докторанттары Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық саябағында Германияның Фрайбург университетінің Орман институты, қолданбалы өсімдіктер экологиясы кафедрасының профессорлары Дулам Сурен Чеймаа және Маркус Хаук, сондай-ақ Геттинген университеті өсімдіктер экологиясы кафедрасының профессоры Хайнц Конерс және Монғол мемлекеттік университетінің (Ұланбатыр) докторанттарымен бірлесіп экспедицияға шықты. Бұл сапар шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасып, ғылыми білімдермен бөлісуге мүмкіндік берді. Докторанттар ағаш тектес өсімдіктердің ботаникалық зерттеулеріндегі бұрғылау әдістерін меңгеріп, портативті жүйенің көмегімен өсімдіктердегі фотосинтез процестеріне талдау жүргізді. Шетелдік ғылыми кеңесшілермен шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту және Scopus базасына енетін ғылыми мақалаларын жариялау барысы бойынша кеңестер алды. Экспедиция барысында көптеген материалдар жинақтап, кеппешөп өсімдіктер қорын толықтырды. Биология кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image