Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді.
1997 жылы №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997 - 2001 жж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік түлегі атанды.
2001 - 2003 жж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік-Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарды: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы маман-аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.
2002 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыды. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, «12.00.08 - қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2003 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясында қызмет атқарды: ректор көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы.
2006 - 2007 жж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің құқықтық пәндер бөлімі меңгерушісі болды.
2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болды.
2007 - 2008 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.).
2008 - 2012 жж. аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде қызмет атқарды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті ректорының кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.).
2012 жылдың 26 қаңтарынан 2016 жылдың 24 мамырына дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
2016 жылдың 24 мамырынан бастап 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректор Аппаратының басшысы.
2017 жылдың 07 сәуірінен 2018 жылың 29 қаңтары аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму проректоры.
2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №7-жқ бұйрығына сәйкес С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.
2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (ҚР БжҒМ 30.06.2011ж. ДЦ №0002253 шешімі) ғылыми атағын алды. 2018 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды. (ҚР БжҒМ 04.09.2018ж. шешімі, №1426 бұйрық). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аға лейтенанты.
Оның «Қылмыстылықтың алдын алу» (Алматы, 2009), «Жоғары оқу орындарындағы құқықтық тәрбие», «Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі» (Қостанай, 2014) атты 3 оқу құралы және «Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестік мәселелері» атты монографиясы (Қостанай, 2014), 70-тен аса ғылыми мақалалары жарияланды. Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Туркияда, Германияда, Беларуссияда, Ресей Федерациясында («Іssues of state organs, social organizations and mass media interaction in struggle against crime in the Republic of Kazakhstan» Middle East Journal of Scientific Research журналы (Scopus, index, 2,0) ғылыми басылымдарда мақалалары бар.
2012 жылы Шығыс-Еуропа құқығы Мюнхен институтында (Германия), 2013 жылы Валенсия политехникалық университетінде (Испания) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2014 жылдың 9-26 маусымы аралығында «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2019 жылы наурыз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қ.) «Білім саласының менеджері» курсынан өтті.
2012 жылдан бері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, ЕурАзЭҚ Білім беру бойынша Кеңестің интеграциялау Комитетінің (Минск қ.) мүшесі.
2012-2016 жылдары аралығында «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, 2018 жылы ШҚО бойынша «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі. 2018 жылы ШҚО бойынша «Рухани жаңғыру» Сараптама кеңесінің төрағасы болды.
2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудағы рөлі» атты ғылыми грант жеңімпазы атанды. 2019ж. сәуір айында Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшесі (академигі) болып, 2019 жылы 24 мамырда Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының Корреспондент мүшесі болып сайланды.
Еңбек ету барысында көптеген ведомствалық және Үкіметтік наградаларға ие болды: 2014 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 2014 жылы «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иелендім, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2017 жылы «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгімен марапатталды (2017 ж.).
2009 жылы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жыл» толуына орай мерейтой төсбелгісімен марапатталды.