Қабылдау күндері мен уақыты: Сәрсенбі, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Құрметті студенттер, әріптестер!
1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі.
Мемлекетімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында ынтымақта, тату тәтті ғұмыр кешуде. Ал, елімізді дамыту, көркейту жалпыға ортақ мақсаты баршамызды біріктіреді.
Барлықтарыңызды ынтымақ пен бірлік, бейбтшілік пен келісім мерекесімен құттықтакймын!
Сіздерге істеріңізге табыс, сәттілік тілеймін. Өздеріңізге және отбасыларыңызға денсаулық, барлық жақсылықты және көктемнің шуақты күндеріндей көңіл-күй тілеймін!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген