One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Мансап жолында пайдалы болатын дағдыларды меңгеріңіз!
Amanzholov University студенттері мансапты жоспарлауға қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған "Skill up-III" Халықаралық жастар жобасына қатысуда. Жобаны "Turan-Zerde" ұйымдастырды.
22-26 қараша аралығында студенттер шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік алады, онда олар тағылымдама, тәжірибе және жұмысқа орналасу бағдарламалары туралы ақпаратпен қанығады.
http://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/%D0%B04%2C%D0%B05%2C%20%D0%B0%D0%B0pdf-1.pdf
http://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/%D0%A2%D0%90%D0%9B%D0%90%D0%9D%D0%A2%D0%AB%202021%20%D0%BA%D0%B0%D0%B7.pdf
Түрлі мамандықта оқитын жастардың басын шығармашылық біріктірмек. Расымен, университет студенттері асыға күтіп, тыңғылықты дайындалатын шараның өтуіне де аз қалды,- деп хабарлайды С. Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі-Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды, орналасқан мекенжайы:070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңының 15-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) 2021 жылдың «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.
Осы орайда алғаш рет еліміздің үздік ғалымдарына Министрлікпен 50 сыйлық тағайындалатын болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (5 834 000 тенге) құрайды.
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.
Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) ғылыми дәреженің болуы;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі беретін ғылыми атағының болуы;
3) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) соңғы жылы университетте кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
6) соңғы 3 жыл ішінде философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
7) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
8) тиісті құқықтық құжаттармен расталған (комиссиялар, жұмыс топтары, сараптамалық топтар, жобалық кеңселер) ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.
Қосымша:
Жауапты тұлға - Жексембаева Айжан Шайханқызы, телефон 8 (7172) 74-20-29
Көктемгі семестрді басқа елде оқуды кім қалайды?
Көктемгі семестрде білімін Польшада жетілдіргісі келетіндер үшін керемет жаңалық.
Адам Мицкевич атындағы Университет 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасының ашылғаны туралы хабарлайды. Құжаттарды 2021 жылғы 10 желтоқсанға дейін тапсыру қажет. Қаржылық шығындарды өтініш беруші көтереді, университетте семестр бойы оқу тегін.
Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі
Сізде әлемнің жетекші ғылыми зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік бар
Олай болса, тезірек міндетті құжаттарды жинап, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми және білім беру қоры жариялаған әлемнің ғылыми зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өту үшін бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлерге берілетін 10 грант байқауында бақ сынаңыз.
Өтінімді 2021 жылғы 8-9 қараша аралығында сайт арқылы толтыру қажет.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: - ҚР азаматтығы - Қазақстандық ЖОО студенті - Жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық мамандандыру
МІНДЕТТІ ҚҰЖАТТАР: - Жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген файлы; - "Қазақстанда өз саласы бойынша ғылым танымалдылығын арттыру және білім, ғылым немесе өндірісті дамыту жөніндегі жаңашыл идеялар" тақырыбындағы эссе; - Оқудың барлық семестрлерінің транскрипті - Бағалары бар бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан берілген диплом, 1 құжаттан артық емес – Түйіндеме
Сұрақтарыңыз болса, Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: 25-05-97.