One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы құқық бойынша аймақтық олимпиада өткізу жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Өскемен, 2023
1. Жалпы ережелер
1.1 Олимпиада Шығыс Қазақстан облысы орта мектептерінің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруға арналған. Олимпиада міндеттері – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды жасауға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
1.2 В Олимпиадада Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының жалпы білім беру орта мектептерінің, гимназияларының және лицейлерінің 11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.
1.3 Олимпиаданы өткізу мақсаттары:
-құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, жалпы білім беру ұйымдарында оқитындарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу;
- азаматтық сана мен адами құндылықтарының өсуіне ықпал ету;
- құқық саласында мектеп оқушыларының дербес зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;
-мектеп оқушыларының азаматтық ұстанымдарын тәрбиелеу.
Олимпиаданың міндеттері:
- мектеп оқушыларының кәсіби және жеке бастық дамуын қамтамасыз ету;
-жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында құқық нормалары мен ережелерді үнемі оң жағымды қабылдауларын қалыптастыру;
-оқушылардың, олардың ата-аналары мен мұғалымдерінің құқыққа қызығушылықтарын өрбіту, орта білім жүйесі арқылы құқық туралы білімдерді тарату және тереңдету;
- жалпы білім беру мектептерінде құқық саласындағы білім беру сапасының артуына жәрдемдесу;
- Олимпиады тақырыбы арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуеттерінің артыруға жәрдемдесу;
-балалар мен жас өспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне мектепт оқушыларының назарын аудару;
-мектеп оқушыларының тәрбиелеу және азаматтық ұстанымдарының дамуына жағдай жасау;
-мектеп оқушыларының күнделікті тұрмыс-тіршілікте туындайтын түйінделген мәселелерді шешу үшін заңнаманы қолдана алу дағыларын дамыту.
1.4 Олимпиада ұйымдастырушысы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Құқықтану» кафедрасы;
1.5 Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
1.6 Өткізілу нысаны: гибридтік - онлайн/оффлайн.
2. Олимпиаданы өткізу мерзімдері мен орны
Олимпиада 2023 жылдың 5 мамыры мен 12 мамыры аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 1 корпусы 208 аудиториясында өтеді.
3. Олимпиадыны өткізу тәртібі
3.1 Олимпиада 2 турдан тұрады.
3.1.1 Бірінші тур: эссе жазу.
Олимпиадаға қатысушы 2023 жылдың 5 мамырына дейін Ұйымдастырушылық комитеттің konfvko2019@mail.ru электрондық поштасына қатысу үшін өтінім мен эссе жібереді.
Қатысушылар эссені төменде ұсынылған тақырыптардың біреуіне жазады:
Эссе жазуға қойылатын талаптар: көлемі 5000 белгіден аспауы тиіс. Мәтіннің бірегейлігі - 75 %. Рәсімдеу: интервал - 1, шрифт Times New Roman, 14 кегль, шектері: жоғарғы және төменгі жақтары - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы -1 см.
Бірінші турдың нәтижесі бойынша он үздік жұмыс иесінің авторлары екінші турға өтеді. Эссе үшін шекті жоғары ұпай - 10 ұпай.
3.1.2 Екінші тур:
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершілігі саласында шығармашылық ғылыми жобаларды дайындау.
Жоба тақырыптары – еркін.
Жобаны ұсыну мерзімі 2023 жылдың 11 мамырына дейін.
Жобаны презентациялармен, бейнероликтермен сүйемелдеу құпталады.
Жобаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтіні компьютерде басып шығарылуы және қамтылуы тиіс:
- мұқаба (титул парағы);
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлігі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
2) мұқабада (титул парағында): жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі; автордың тегі, аты, сыныбы; жұмыс атауы; жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты; қаласы (жарыс өткізілетін жерде), жылы көрсетіледі;
3) кіріспеде (2 беттен артық емес): таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті) келтіріледі; қойылған міндетті шешу әдістері қысқаша көрсетіледі;
4) жұмыстың негізгі бөлігі (10 беттен аспайтын) жеке параграфтардан тұруы мүмкін және мыналарды қамтуы мүмкін: осы жұмысты жүргізу қажеттілігін айқындайтын және оның мақсатын (міндетін) тұжырымдауға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдамалық шолу; қойылған міндетті шешу әдістерінің сипаттамасы; жұмыс нәтижелері және оларды талқылау; иллюстрациялық материал (сызбалар, графиктер, фотосуреттер, суреттер.).
5) пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер төрт бұрышты жақшада берілуі керек. Мәтінде сілтемелер пайда болған кезде нөмірлеу дәйекті болуы тиіс;
6) қорытынды (1 беттен аспайтын) жұмыстың негізгі нәтижелерін және олардың негізінде жасалған қорытындыларды, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қамтиды;
7) пайдаланылған әдебиет жұмыстың соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіппен келтіріледі: автордың тегі мен аты-жөні; мақала мен журналдың атауы (журнал мақалалары үшін); журналдың, кітаптың атауы; басылымның орны мен баспасы (кітаптар үшін); басылған жылы, шығарылым нөмірі, беттері.
8) әрбір жұмыс таңдалған тақырыптың өзектілігін, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесін, жұмыстың кемшіліктерін және нәтижелерді одан әрі пайдалану жөніндегі ұсынымдарды көрсететін басшының пікірімен сүйемелденуге тиіс.
Жобаларды қорғау 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 үй мекенжайы бойынша өтеді. Жобаны бойынша сөз сөйлеу-10 минуттан аспауы қажет.
5. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалау кезінде мынадай өлшемшарттарды ұстанады:
1. Жобаның мақсатының қойылуы;
2. Тақырыптың өзектілігі мен өзіндік ерекшелігі;
3. Зерттеу тереңдігі;
4. Ақпарат көздерінің әр түрлілігі, оларды пайдаланудың орындылығы;
5. Автордың дербестік дәрежесі, жобалардағы жұмысқа шығармашылық көзқарас;
6. Жұмыстың практикалық маңыздылығы;
7. Жобалық өнімнің сапасы;
8. Презентацияның даярлау және ұсыну сапасы;
9. Ұсыну нысаны;
10. Қосымша сұрақтарға жауаптардың анықтығы мен толықтығы.
Шекті ұпай - 30 ұпай.
4. Олимпиаданы қорытындылау
5.1 Олимпиада нәтижелерін жариялау және жеңімпаздарды марапаттау конкурс аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
5.2 Олимпиада жеңімпаздарын анықтау жөніндегі жюри шешімі оның барлық мүшелерінің қолы қойылған тиісті хаттамамен рәсімделеді.
5.3 Олимпиада жеңімпаздарына берілетін марапаттар:
- Үздік жобаға гран-при жүлдесімен марапаттай отырып, «Құқық» білім беру бағдарламалары (соның ішінде «Құқықтану», «Сот және прокурорлық қызмет», «Корпоративтік заңгер» білім беру бағдарламаларының біріне) бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Ректорының гранты беріледі;
- қалған үш жобаға ШҚО Кәмелетке толмағандарының істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының кубогы; ШҚО Адам құқықтары бойынша уәкілеттінің және ШҚО бала құқықтарының уәкілеттісінің кубокторы беріледі.
5.4 Олимпиаданың қазылар алқасы тең ұпай алған жағдайда олардың әрқайсысына бір қосымша сұрақ қоюға құқылы.
6. Қосымша ақпарат
Барлық сұрақтар бойынша Олимпиада үйлестірушілеріне хабарласуға болады:
-Садыканова Жанна Есимбековна, Батырбекова Арайлым Турлыбековна, байланыс номері (Whatsapp): +7 (777) 857 57 12, е-mail: batyrbekova29@mail.ru;
- Каленова Аксана Александровна, байланыс номері (Whatsapp): +7(705) 6614121, e-mail: aksana_kalenova@mail.ru
Олимпиады материалдары www.vku.kz сайтында орналастырылады.
ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Құқық» бойынша аймақтық олимпиадаға қатысуға өтінім
1) Автордың аты-жөні;
2) Оқу орнының атауы
3) Место учебы;
4) Жетекшісінің аты-жөні;
5) Байланыс телефондарының номері;
6) Электрондыұ пошта мекен-жайы;
7) Эссе тақырыбы;
8) Ғылыми жоба тақырыбы.