One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2018 жылдың 24 қарашасында «Қазіргі замандағы ғылым және білімнің дамуындағы тенденциялар» тақырыбында «Уәлиев оқулары-2018» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі:
Пленарлық отырыс 2018 жылдың 24 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Қазақстан к., 55, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, акт залында өтеді, 11.00.
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері шақырылады. Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушы және жіберуші тарап есебінен жүргізіледі.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 1 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:
«Қазіргі замандағы ғылым және білімнің дамуындағы тенденциялар» тақырыбында
«Уәлиев оқулары-2018» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ
Автордың (лардың) ТАӘ
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Жұмыс орны (толық атауы)
Баяндама атауы
Секция номері және атауы
Қатысу түрі (іштей / сырттай)
Байланыс телефоны (ұялы / қалалық)
E-mail
Қонақ үйде бөлмені жалдау қажеттілігі (иә / жоқ)
Мақалаларды рәсімдеу талаптары:
Көлемі суреттермен қоса 6 беттен аспайтын компьютерлік терімдегі материалдар А4 (210-297 мм) форматында электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгенін растайтын құжат көшірмесімен ұйымдастырушы комитетінің konfer_vkgu@mail.ru электронды мекен жайына жіберілуі тиіс. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Қасымов ҚазҰУ өтінім; Қасымов ҚазҰУ мақала, Қасымов ҚазҰУ төлемақы. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman әріптерімен негізгі мәтін - 14 кегльде, 1,0 аралық интервалда, азат жол – 1,25 см өлшемді сақтай отырып, ені бойынша тураланып теріледі. Суреттермен қоса алғанда мәтін келесі форматта орналасуы тиіс: сол жақ жиегі - 20 мм, оң жақ жиегі - 20 мм, жоғарғы және төменгі жиектер – 25 мм. Қойылған суреттер мен иллюстрациялар жоғары сапалы болып, беттің ортасы бойынша туралануы тиіс. Сурет пен формулалар астындағы жазбалар: орталықта (центр), кегль – 12.
Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін бас әріптермен – авторлардың тeгi мен инициалдары, келесі жолда кіші әріптермен – жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы, бip жолдан кейін, ортасына – бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып – баяндама мәтіні көрсетіледі.
Баяндама материалдары толықтай талапқа сай редакцияланған болуы тиіс. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Ұйымдастыру комитеті материалдар жинағын конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлайды.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
ӘОЖ 669.162.214
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. [1].
Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. [2]:
Кесте 1 – ........ жүйесі бойынша кредиттерді санау (12 pt)
Бакалавриат
(4 жыл)
Магистратура
(2 жыл)
(1,5 жыл)
Докторантура
(3 жыл)
Кредит саны
Сурет 1 – Аталуы (12 pt)
Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. (14 pt)
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге (бір мақала үшін) көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Уәлиев оқулары-2018» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «Қазақстан Халық банкі» АҚ ШҚО бөлімшесі, ЖСН 181800014976, БИН 990240007414, ИИК KZ256010151000018216, БИК HSBKKZKX
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, 403 каб., тел: 8 (7232) 241-401.
Ұйымдастыру комитеті