17.08.2023
04.08.2023
01.08.2023
25.07.2023
- 1 бірі 3
- ›
ШҚМУ-дың жазғы ғылыми-танымдық мектебі
Жазғы мектеп, ең әуелі, келешекте С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары білім алу мүмкіндігін қарастыратындар үшін, сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалармен айналысуға ниет танытқандар үшін қызықты болмақ.
Курстар байқау жарияланған пәндер бойынша білімді тереңдетіп қана қоймай, ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында қолдау көрсететін ШҚМУ-дың әлеуетін өз көздерімен көруге де мүмкіндік береді. Одан өзге, курс қатысушылары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін жақыннан танып, оның студенттерімен тілдесе алады және өздеріне ұсынылатын бағдарламалар жайлы толық ақпарат алады.
Мақсаты: ғылыми жобалармен айналысатын оқушылардың ғылыми әлеуетін арттыру.
Міндеттері:
– оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын ерте анықтау;
– жазғы мектеп қатысушыларының дарынын дамыту;
– ғылыми жобалардың тақырыптарын анықтауға, университет ғалымдарымен бірлесе жүргізілетін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жоспарларын құрастыруға, түрлі байқауларға қатысу үшін ғылыми жобаларды дайындауға жәрдемдесу;
– жоба қатысушыларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру;
– материалдық-техникалық базамен, мамандықтармен, сонымен қатар, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы үздік тәжірибемен таныстыру.
Жас контингенті:10-сынып оқушылары
Өткізу мерзімі: 13 маусымы мен 17 маусымы аралығы.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 6 маусымына дейін.
ШҚМУ-дың жазғы мектебінде оқу: ақысыз.
Жарытылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жазғы мектеп бұл – аталмыш бағыттар циклы бойынша білім деңгейін көтерудің, ҰБТ-ға дайындықты бастаудың және ШҚМУ-дың ғылыми-зерттеу зертханаларының құрал-жабдықтар базасымен танысудың таптырмас мүмкіндігі. Мектеп математикалық және гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытып қана қоймай, курсанттардың шығармашылық мүмкіндіктері мен бейімін де танытады, табысты кәсіпқойлармен тілдесуге мүмкіндік береді. ШҚМУ-дың жазғы мектебінде өткізілетін бір апта ұмытылмас, қызықты әрі пайдалы жұмсалған уақыт болмақ!
Ғылыми-танымдық жазғы мектеп бағдарламасы:
1-күн – Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті (№1 оқу ғимараты)
09.00-9.30 – Факультет таныстырылымы. Факультет деканымен кездесу. Факультет қызметі және жүзеге асырылатын бағдарламалар жайлы жалпы түсінік.
9.30-10.30 – «Алтайтану» ҒЗО-да гуманитарлық бағыт тұрғысындағы ғылыми жобалар даярлау бойынша дөңгелек үстел.
10.30-11.15 – «Полиглот» байқауы. Шет тілдерін білу деңгейіне арналған байқау.
11.15-12.00 – Шешендік өнерді дамытуға арналған тренинг. Тренинг көпшілік алдында сөйлеуге, кез келген тақырыпта суырыпсалмалық таныту қарім-қабілетін меңгеруге, аудитория назарын басқару үшін ым-ишара қолдануға, визуалды байланыс, жағымды дауыс мәнерін орнатуға, сөз байлығының молдығына, қобалжу сезімін жеңуге бағытталған.
12.00-12.15 – Түскі ас.
12.15-12.45 – Ақбауыр кешеніне дейінгі трансфер (Өскемен қ.-нан 30 шақырым жерде, автобус ШҚМУ-дың №1 ғимаратынан жылжиды).
12.45-14.15 – Ақбауыр неолиттік ғибадатхана кешеніне бару, жартастағы суреттер және петроглифтермен танысу.
14.15-15.00 Өскемен қ. дейінгі трансфер (аялдама ШҚМУ-дың №5 ғимаратында)
2-күн – Психология, педагогика және мәдениет факультеті (№5 оқу ғимараты, 106-дәрісхана)
09.00-9.20 – Факультет таныстырылымы. Факультет деканымен кездесу. Факультет қызметі және жүзеге асырылатын бағдарламалар жайлы жалпы түсінік.
9.20-10.00 – Факультет кафедраларының таныстырылымы.
10.00-10.30 – «Назарбаевтану» және «Зияткер» ҒБО аралау.
10.30-12.00 – Психология бойынша тренингтер. Тұлға психотипін анықтауға арналған тесттер.
12.00-13.30 – Елтану зертханасы (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әріптес мемлекеттерімен таныстыру).
16.00-17.00 – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Чайка» бассейніне бару (ниет бойынша).
3-күн – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті (№7 оқу ғимараты)
09.00-9.30 – Факультет таныстырылымы. Факультет деканымен кездесу. Факультет қызметі және жүзеге асырылатын бағдарламалар жайлы жалпы түсінік.
9.30-9.50 – Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананы аралау. Мамандандырылған кабинеттерді қысқаша сипаттай отырып, экскурсия жүргізу.
9.50.-10.00 –№8 ғимаратқа трансфер.
10.00-11.00 – «Давайте похимичим» химиялық шоу. Ашық аспан астында ғылыми тәжірибелер ұйымдастыру. Отпен, құрғақ мұзбен және т.б. сынақ жасау.
11.00 – 12.00 – «Географиялық ақпараттық жүйелер – географияның қазіргі жай-күйі және келешегі» атты таныстыру презентациясы. «Жергiлiктi жерді түсіру негіздері» шеберлік сыныбы. «Векторлар жарысы» интерактивті эстафетасы». Географиялық карталармен таныстыру (ГИС-бағдарлама).
12.00 -12.30 – Биотехнология зертханасын аралау. Өсімдіктерді клондау үрдісімен таныстыру.
12.30-13.00 – ЖОО студенттерінің ғылыми жетістіктерімен таныстыру (студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығының презентациясы).
Мектеп оқушыларына дискілер тарату.
4-күн –Экономика және құқық факультеті (№1 оқу ғимараты, 207-дәрісхана)
09.00-9.30 - Факультет таныстырылымы. Факультет деканымен кездесу. Факультет қызметі және жүзеге асырылатын бағдарламалар жайлы жалпы түсінік.
9.30-10.10 – Менеджмент бойынша іскерлік ойыны. Басқару машығын қалыптастыруға бағытталған топтық іскерлік ойын.
10.10-10.50 – «Мен отбасы бюджетін қалай жоспарлар едім?» іскерлік ойыны. Қолда бар қаржыны тиімді жұмсау қарім-қабілетін қалыптастыруға арналған топтық рөлдік ойын. Байқауды ұйымдастыру.
10.50-11.30 – «Құқықтық дауларды шешудегі бітімгерлік рәсімдері» атты шеберлік сыныбы. Медиатор кәсібіннің негіздері мен кейбір медиативті технологияларды игеруге мүмкіндік беретін оқыту шеберлік сыныбы.
11.30-12.00 – Факультеттің мамандандырылған кабинеттерін аралау.
16.00-17.00 – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Чайка» бассейніне бару (ниет бойынша).
5-күн – Тәрбие жұмысы (№1 оқу ғимараты)
09.00-9.30 – Курс қатысушыларымен флэш-моб.
9.30-10.30 – Жастар ісі жөніндегі комитет қызметімен танысу. Университет үйірмелерінің таныстырылымы.
10.30.-11.30 – «Что? Где? Когда?» зияткерлік ойынын өткізу.
11.30-12.00 – Қорытындыны жариялау. Сертификаттарды табыстау (№111 дәрісхана).
Курс қатысушыларын қадағалау
Университетке келген сәттен бастап кураторлар (іс-шараға жауаптылар) курсанттардың туындаған барлық мәселелерін шешуге және олардың уақытты жақсы өткізулеріне жәрдемдеседі. Кураторлар барлық іс-шарада: оқу кезінде және қажеттілік туындаса, одан кейін де курсанттардың жанында жүреді. Курсанттардың ата-аналары өз балаларының жетістіктері туралы әрқашан ақпарат алып, мазалаған сұрақтарын қоюға және кураторларға ұсыныс білдіруге құқылы.
Курсқа қатысуға өтініш