One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Құрметті әріптестер!
2021 жылдың 12 қарашасында «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ белгілі ғалым-тарихшы, тарих ғылымдарының докторы профессор Игібаев Советхан Қабдуалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Тарих ғылымдарының докторы, профессор Игібаев Советхан Қабдуалиұлының ғылыми мұрасындағы отандық және дүниежүзі тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын («Өлкетану оқулары - 2021» V Халықаралық конференциясы шеңберінде) өткізеді.
Конференцияға қатысуға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, аспиранттар, магистранттар, студенттер, өлкетану мәселелерімен айналысатын зерттеушілер шақырылады.
Конференция бағдарламасы келесі бағыттарды қарастырады:
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін өтінім және баяндама мәтіні төменде ұсынылған үлгіде жіберілуі қажет.
Конференцияға қатысуға өтінімнің үлгісі:
Т.А.Ә (толық)_________________________________________________________________
Ғылыми дәреже (ғылыми атағы, академиялық дәрежесі): ______________________________
Қызметі (оқу): __________________________________________________________________
Мекеменің толық аталуы (оқу орны): _______________________________________________
Байланыс телефондары: __________________________________________________________
E-mail__________________________________________________________________________
Секция/ бағыт ___________________________________________________________________
Баяндама/мақала тақырыбы: _______________________________________________________
Қатысуға өтінімдер kafedra_ik_vku@mail.ru электрондық поштасына 2021 жылдың 30 қазанға дейін қабылданады. Мақаланың толық мәтіні kafedra_ik_vku@mail.ru электрондық поштасына 2021 жылдың 5 қарашасына дейін жіберілуі тиіс.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбы мен рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер мен мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Анықтамалар мен қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: Казбекова Айнур Татимбековна +77779898465, Жириндинова Құралай Рымкановна +7 7772502533, +7 7781136283 ұйымдастыру комитеті
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., 30-шы Гвардия дивизиясы к-сі,34, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, №1 оқу ғимараты, 111 мәжіліс залы, Конференцияның басталуы сағат 11.00-де.
Уақыты: конференцияның пленарлық жиналысы 11.00-13.00, секциялық отырыстар 14.00-17.00.
Конференцияны өткізу форматы: оффлайн (барлық қажетті санитарлық – эпидемиологиялық ережелерді сақтап) және ZOOM онлайн режимінде (онлайн режим (ZOOM) сілтеме, идентификатор, пароль қосымша хабарланады).
Конференция қорытындысы бойынша электронды тасымалдағышта мақалалар жинағын шығару жоспарланған.
Мақаланы ұсынуға қойылатын талаптар: көлемі 6 мыңнан кем емес және 12 мың сөзден аспауы керек. Мақаланың басында жоғарғы сол жақ бұрышта, ӘОЖ, автордың тегі, есімі және әкесінің аты, келесі жолда автордың немесе авторлардың жұмыс орны, лауазымы толық көрсетіледі, тұрғылықты жеріңіз және электрондық поштаңыз, интервал арқылы орта жолдан - мақаланың тақырыбы бас әріптермен көрсетіледі. Ені бойынша, сызықша жоқ. Мәтін 12 кегль, 1 интервалмен, Times New Roman шрифтімен, сілтемелер мәтінде тік жақшаға алынады (мысалы, [1, 17. б.]) Мақаланың соңындағы библиографияға (әдебиет алфавиттік тәртіпте, нүктесіз нөмірленген). Барлық өрістер 2 см, жұмыстар MS WORD редакторында жасалған * .doc және *.rtf форматында қабылданады. Файл атауы бірінші автордың атына сәйкес келуі керек. Графикалық кескіндер мәтін ішінде міндетті түрде қысқаша аннотациямен жақсы сапада орналасқан болуы тиіс.
Мақала мәтінін рәсімдеу үлгісі
ӘӨЖ 94(47).084.3/6.(035)
Косенков С., т.ғ.к., доцент, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
МәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтін МәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтін
Кесте 1 – Шығыс Қазақстан өлкетанушылары
Аты-жөні
Атқарған қызметтері мен еңбектері
Черников С.Е.
Федорова Р.С.
МәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтін
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Дело о Герасимове. // Государственный Архив Восточно-Казахстанской области (далее ГАВКО). Ф.1.Оп. 1. Д. 843. 34 л.
2 Державин Ю. Теория и методика преподавания краеведения / Державин Ю. // Наука и современность. 2010. Вып. 7. С. 86-90.
3 История краеведения. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: kurgangen.ru/Istoria%20soslovy/Kupechestvo/Kurganskoe%20kupec/Ba/#_Toc283544902. – 30.10.2016
4 Николаев И. К вопросу о краеведческих исследованиях// Вестник Ивановского государственного университета. Гуманитарные науки. 2011. № 2. С.14-25.
http://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/%D0%90%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B%20%D1%85%D0%B0%D1%82%20%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%84%20%D0%98%D0%B3%D0%B8%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%B0%20-2021%20%D0%BD%D0%B0%20%D0%BA%D0%B0%D0%B7.%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B5%2012.10.pdf
Ұйымдастыру комитеті