17.08.2023
04.08.2023
01.08.2023
25.07.2023
- 1 бірі 3
- ›
Құрметті оқытушылар!
Энергия орталығы-2050 Шеффилд Университетінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен бірге Ғылыми Қор JSC қауымдастығында Ньютон – Әл-Фараби бағдарламасы шеңберінде Британдық Кеңеспен қаржыландырылған «Қазақстанның климаттық өзгеруі негізінде энергиялық жарыс және ауыл шаруашылығының дамуы» атты тақырыпта 3-күндік семинар өткізеді. Семинар 2016 жылдың 24-26 тамыз аралығында Алматы қаласында өтеді.
Энергетикалық жүйелермен және ауылдық аймақтардың тұрақты дамуымен, энергияны қолданудың ықпалдылығымен, климаттың өзгеруінің салдарларын жеңілдетумен, климаттық саясатпен, энергетикалық қауіпсіздікпен байланысты өзекті тақырыптарды талқылауларда бұл семинар өзара байланыстырушы көпір болады.
Қазақстанның жылдам экономикалық дамуы энергияға деген сұранысты жоғарылатты. Қазақстанның әр аумағындағы климаттың өзгеруінің әсері бірден байқалуда және ол өз кезегінде ауыл шаруашылығына, су және жер ресурстарына, экономикаға, халықтың денсаулығына және күнделікті өмірге белгілі бір дәрежеде әсер етуде. Қазақстанның басшылығы экологиялық таза және баламалы энергетикалық ресурстарды әртараптандыруға және ғылыми инновацияларды ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларын жақсартуға бағытталған көміртегінің төмен қорымен энергияны қолданудың жаңа стратегиясын ұсынды.
Семинардың мақсаты – энергетикалық қауіпсіздік, энергия таралуының біркелкілігі және қоршаған ортаның тұрақтылығы сияқты энергетикамен байланысты мәселелерді шешу үшін саяси қызметкерлердің және әр саланың ғалымдарының басын қосу. Бұл Қазақстанға бірте-бірте экономиканың басты салаларын «дамыта» отырып, 2050 жылы 30 бәсекеге қабілетті мемлекеттің қатарына кіруге, мақсатына жетуге көмектеседі.
Бұл семинар зерттеушілік тәжірибені бөлісуге және жаңа байланыстардың құрылуына үлкен мүмкіндік туғызады. Семинар барысында бастапқы зерттеушілер зерттеулерін ауызша презентация түрінде таныстыруға және Ұлыбританияның және Қазақстанның беделді зерттеушілерімен талқылауға мүмкіндік алады. Басты назар алдағы уақытта болатын серіктестікке байланыс орнатуға аударылады және қатысушылар ғылыми потенциалы негізінде және ұзақмерзімді байланыс орнатуға қабілеттілігімен таңдалып алынады. Ньютон – Әл-Фараби Серіктестік бағдарламасы семинарға қатысуға байланысты шығындарды өз мойнына алады, мысалы: жол ақысы (халықаралық және жергілікті), тұратын орны және тамақтану. Виза құны қамтылатын болады. Дегенмен қатысушылар қажетті мерекелік іс-шараларға жауапты болады. Бірақ бұл қаржы Британдық Кеңеспен қаржыландырылмайды, сол себепті қатысушыларға жол және медициналық сақтандыруды сатып алу ұсынылады.
Қатысушылар мемлекетте болған уақытта кез келген жағдайда туындауы мүмкін мәселеге қатысты жауапкершілікті Британдық Кеңес өз мойнына алмайды.
Dr. Zhibek Bimagambetova, Kazakhstani coordinator (z.bimagambetova@inbox.ru) and Dr. Dora Fazekas, UK coordinator (d.fazekas@sheffield.ac.uk).