One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
2021 жылдың 26 қарашасында «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ғылым мен техниканың трансформациясы - елдің ғылыми -техникалық дамуы мен жетілдіруінің негізгі факторы» тақырыбындағы «Аманжол оқулары -2021» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп мұғалімдері шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 13 қарашаға дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:
Өткізу уақыты мен орны
Пленарлық отырыс 2021 жылдың 26 қарашада күні сағ. 15.00-де оффлайн және онлайн режимде Өскемен қ., Қазақстан к-сі., 55 мекен-жайы бойынша орналасқан «Рухани Жаңғыру» мәжіліс залында өткізіледі.
Конференция идентификаторы: 889 0458 3072
Кіру коды: 728911
Конференцияға жауаптылар:
Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті инновациялық даму және коммерцияландыру бөлімі бөлімі, Өскемен қаласы, Қазақстан 55 к., 8 (7232) 540-311.
Мақаланы рәсімдеу талаптары:
Мақалаларды, көлемі 5-6 беттен аспайтын суреттермен қоса компьютерлік терімдегі материалдар, А4 (210-297 мм) форматындағы парақтарда және электрондық нұсқада және төлем туралы түбіртектің көшірмесімен бірге ұйымдастыру комитетінің konfervkgu2019@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу керек. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Қасымов ЕҰУ мақала, Қасымов ЕҰУ төлемақы. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman әріптерімен негізгі мәтін - 14 кегльде, 1,0 аралық интервалда, азат жол - 1,25 см өлшемді сақтай отырып, ені бойынша тураланып теріледі. Суреттермен қоса алғанда мәтін келесі форматта орналасуы тиіс: сол жақ жиегі - 20 мм, оң жақ жиегі - 20 мм, жоғарғы және төменгі жиектер – 25 мм. Қойылған суреттер жоғары сапалы болып, беттің ортасы бойынша туралануы тиіс. Сурет пен формулалар астындағы жазбалар: орталықта (центр), кегль - 12.
Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін бас әріптермен -авторлардың тeгi мен инициалдары, келесі жолда кіші әріптермен - жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы, бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып - баяндама мәтіні көрсетіледі.
Баяндама материалдары толықтай талапқа сай редакцияланған болуы тиіс. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі