One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті сіздерді заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі Академиясының судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Институтының директоры Абдрасулов Ермек Баяхметұлының ашық лекциясын тыңдауға шақырады.
Лекция тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында сот жүйесін модернизациялаудың өзекті мәселелері»
Лекция шеңберінде заңның жоғарғылығын қамтамасыз ету және сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру, Қазақстан Республикасында судьялардың мәртебесін арттыру құралдары мен механизмдері, соттардың адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауда ролі мен мағынасы туралы сұрақтар қаралады.
Лекция 2018 жылдың 4 желтоқсанында келесі мекен-жай бойынша өтеді: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, акт залы, 11.00.
Қосымша мәлімет бойынша қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасына 540-177, 87773477808 телефон номерлері бойынша хабарласыңыздар.
Құрметті әріптестер, сіздерді лекцияның тыңдармандары арасында көруге қуаныштымыз!
Жауаптарыңыз бен алдын-ала тізімді laurakus@mail.ru электронды адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұйымдастыру комитеті