
Құрметті әріптестер, ардагерлер, студенттер, магистранттар, докторанттар!
Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етіп, дербес даму жолына түсті. Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін мемлекетіміздің еркіндігі мен егемендігін, айбыны мен күш-қуатын айғақтайтын айтулы мереке.